03.05.2017

«Нұр Ақтөбе» ықшам ауданына Есет батыр есімі берілмейтін болды

«Нұр Ақтөбе» ықшам ауданының атауы өзгертілмейтін болды. Оған Есет батыр атауы берілмейді. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева хабарлады. «Соңғы заңнамаларға сәйкес, нақты адамның есімі тұрғын үй массивіне берілмейді. Сондықтан «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданының атауы Есет батыр болып өзгертілмейді», — деді басқарма басшысы. Айта кетейік, биыл Ақтөбе облысында ...

Толығырақ »

Ақтөбеліктер Жеңіс күніне арналған шеруде соғысқа қатысқан аталарының портреттерімен жүріп өтеді

Жеңіс күнінде Ақтөбе облысы әкімдігінен Тұңғыш президент паркіне дейін Мәңгілік полк шеруі өтеді, оған 5000 адам қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның айтуынша, шерумен жүріп өтуге ниет білдірген кез келген тұрғын соғысқа қатысқан ата-әжелерінің портреттерін дайындап әкелу керек. «Осыған дейін ақтөбеліктердің өздері бастама көтерген болатын. ...

Толығырақ »

Маржан Қорғанбаева мәдени шараларға мәжбүрлеп көрермен жинауды доғару керектігін айтты

Ақтөбелік студенттердің инстаграм желісіндегі мәдени көпшілік шараларға күштеп апару жөніндегі кампаниясына қатысты облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаеваның пікірін білген едік. Мәдениет саласының кураторы жеке өз басы ондайға қарсы екенін жасырмады. «Меніңше, шығармашылық көркемдік кеңестерді күшейту керек. Бұрын зиялы қауымның пікірі ескеріліп, кез келген шығарма сүзгіден өтетін. Өте мұқият таңдау ...

Толығырақ »

Мереке күні баспаналы болған ақтөбелік мүгедек отағасы шілдеханаға дайындалып жатқанын айтады

Санаулы күн бұрын қоныс тойын тойлаған бірінші топ мүгедегі Мұсағали Есенғалиев пен жары Қызғалдақ Aktobenews.kz тілшісіне қалай танысқандарын айтып берді. «Мен 10 сыныпта оқып жүрген кезім. Мұсағали екеуміз ол уақытта Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында тұрамыз. Бірақ бір-бірімізді танымайды екенбіз. 2014 жылы ол отбасымен Ақтөбеге көшіп кеткен. Кейін ...

Толығырақ »

Ақтөбедегі су тасқыны бойынша комиссия жұмысының қорытындысы бір аптаның ішінде жария етіледі

Су тасқынынан зардап шеккендерге баспана берілетіні немесе бұрынғы үйлерінде қалатыны туралы бір аптаның көлемінде айтылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Су тасқынынан зардап шеккендер туралы баспасөзден оқып жүрген боларсыздар. Негізінен, барлығына көмектемесіз. Қолдаймыз. Бүгінде қалалық әкімдік жанынан құрылған жеті топ жұмыс істеп жатыр. Әр отбасыны зерттейміз. Жағдайларын зерделейміз. Комиссия жұмысы бір ...

Толығырақ »

Ақтөбеде балықшыларды бопсалаған полиция басшысының орынбасары ұсталды

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы басшысының орынбасары ұсталды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті шектеулі балық өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан топты анықтайды. Қолға түскендерді қылмыстық жауапқа тартпау үшін олардан ақша бопсалаған. Ішк істер органында лауазымды ...

Толығырақ »

Ақтөбедегі Елек өзеніне 46 мыңнан астам шабақ жіберілді

Ақтөбедегі Елек өзеніне 46 290 шабақ жіберілді. Балықтандыру жұмысына 3,9 миллион теңге жұмсалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбедегі Елек өзеніне шабақ жіберу жұмысы «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ-ға жүктелген. Металлургтер жыл сайын өзенді балықтандыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Биыл 46 мыңнан астам шабақ өзенге жіберілді. Шабақ балық өсіруді қолға алған шаруашылықта арнайы ...

Толығырақ »

Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жер сілкінді

Шымкентте бүгін жергілікті уақытпен сағат 10:50 шамасында жер сілкінісінің дүмпуі сезілді. Сейсмология институтының өкілі Әнуар Бигалиевтің Азаттыққа айтуынша, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10:47-де Алматыдан оңтүстікке қарай 613 километр қашықтағы Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің қуаты 6,3 магнитуданы құрады. «Жер сілкінісі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасымен бірге ...

Толығырақ »