бейсенбі , 17 тамыз 2017
Бастапқы бет / 2017 / мамыр (page 4)

мамыр 2017

Ақтөбелік депутат: Шілікті мектебінде «бұл сенің анаң отырған парта дегенде көзімнен жас ыршып кетті

Ақтөбелік депутат Бақытжан Ержанов 70 оқушы мен 6 мұғалімге ЭКСПО-ға билет алып берді. Халық қалаулысы тіпті жол шығынын да мойнына алып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бақытжан Ержанов депутат болуды армандамағанын айтады. «Депутаттыққа ұсынған кезде  Шалқар ауданының ауылдарын араладым. Бізге бұған дейін депутат келіп көрмеген деп халық шулап жүр. Шіліктіге ...

Толығырақ »

Сапарбаев Ақтөбе күнін тойлауға келген жұртшылықтың назарын жолдың арғы бетіндегі жаңа нысандарға аударды

Ақтөбе қаласының 148 жылдығын тойлауға келген халық жаңбырдың астында қалып қойды. Қала күнімен құттықтаған облыс басшысы оларды нағыз патриоттарға балады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Жауынға қарамастан, қаланың туған күнін тойлауға келіп отырған сендер нағыз патриотсыңдар» деп Бердібек Сапарбаев сілейіп тұрған көпшіліктің көңілің бір көтеріп тастады. Әкім сонымен бірге, облыста атқарылып ...

Толығырақ »

Ақтөбеде иесіз қалған мұнараны бөлшектеп алуға әкімдіктің күші жетер емес

Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қарғалы ауылдық округінің тұрғындары қатты жел соққан күні ұйықтамайды. Себебі, иесіз қалған 35-40 метрлік мұнара құлайын деп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылдық округінің тұрғындары бірнеше жылдан бері әкімдіктен көмек күтіп жүр. Бірақ екі үйдің ортасындағы мұнараны қиратуға қарапайым адамдардың ғана емес, әкімдіктің күші ...

Толығырақ »

Ақтөбеде күніге 20 адам темекі тартуды қоя алмайтынын айтып дәрігерге келеді

Облыс емханаларында шылым шегуге қарсы күрес кабинеттері жұмыс жасайды. Маман көмегіне жүгінетіндер жоқ емес. Ақтөбеде күніге 20 адам валеолог көмегіне жүгінеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Темекінің зиянын көпшілік әлі күнге дейін нақты ұғынып отырған жоқ. Оның ғасыр дертіне айналғанын түсіндіру мақсатында біз қолдан келген амал-тәсілдерді қолданып-ақ жатырмыз. Бірақ нәтижесі жоқтың ...

Толығырақ »

Ақтөбеде дүкен сатушысы «салық инспекторымын» деп келген алаяққа бар ақшасын ұстатып жіберген

Тәртіп сақшылары Ақтөбеде жалған салық инспекторының саудагерлерден алым жинағанын хабарлайды. Бүгінде алаяқтық деректері бойынша күдікті ұсталды. Оның қылмыстық әрекеттерінің құрбандары облыс орталығының дүкеншілері мен сату орындарының қожайындары болып отыр. «24 мамырда Рысқұлов көшесіндегі дүкендердің біріне келіп, өзін салық комитетінің инспекторымын деп таныстырып, сатушыдан 40 мың теңге көлемінде ақша алған. Тіпті, туындаған ...

Толығырақ »

Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде Құранның алғашқы парасы хатым етілді

Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде Құран хатым басталды. Оған 50-ден астам әйел, қыз-келіншектер қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Әдемі әуез, бірқалыпты ырғақпен оқылған Құранның алғашқы парасын мешіттің наиб имамы Асылхан Темірханов хатым етті. Имамға ілесе отырып, Қасиетті Құранды көз жүгірте оқыған әйел жамағаты . Сонымен қатар, Құран түскен қасиетті ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысының бірқатар ауданында «мамыр майының» бағасы шарықтап кетті

Ақтөбе облысының бірқатар ауданында «мамыр майының» бағасы шарықтап кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. snianna.ru Қарғалы ауданы Бадамша ауылының тұрғыны Индира Спанның хабарлауынша, тек мамыр айында ғана әзірленетін майдың құрамы дәруменге бай болады. Сондықтан, өзге майларға қарағанда дәл осы айда жиналған өнім қымбатқа сатылады. «Мамыр майын» емге таппай отырмыз. Ауылда хабарландыру ...

Толығырақ »

Бердібек Сапарбаев жылдар бойы қараусыз қалған парктерге «жан бітетінін» жеткізді (ФОТО)

Демалыс күні Бердібек Сапарбаев ондаған жылдар бойы қараусыз қалған скверлер мен шағын саябақтарды аралап шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ондағы ахуалды көзімен көрген облыс басшысы қарамағындағыларға тапсырма берді. Күні кешеге дейін қалада үлкені бар, кішісі бар 21 саябақта тынығу мүмкін болса, енді олардың жалпы саны 50-ден асқалы отыр. Сапарбаев облыс ...

Толығырақ »

Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ең арзан баспана Ақтөбе облысында

  Мамыр айының қорытындысы бойынша ел көлемінде ең арзан баспана Ақтөбе облысында. Жылжымайтын мүлік нарығында тұрғын жайдың шаршы метріне орта есеппен 151 775 теңге сұрайды. Екінші орында Жамбыл облысының орталығы. Баспананың бір шаршы метрінің орташа бағасы 152 575 теңге. Үштікте сонымен бірге Семей қаласы бар. Ондағы баспананың шаршы метрі 154 ...

Толығырақ »

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 24-кездесуінде де жеңіске жетті

АҚШ-тың Бока Ратон қаласында жұманың кешінде (Қазақстанда сенбі күні таңертең) қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мексикалық Норберто Гонсалеспен рингте кездесті. Орта салмақ (69 келі) дәрежесінде 12 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіс Қанат Исламға берілді, деп жазады «Азаттық». Қанат Ислам осы жеңісінен кейін бос тұрған WBO NABO және ...

Толығырақ »