дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары (page 30)

Ақтөбе жаңалықтары

Ақтөбе қаласындағы Ойыл ауданы күндерінің бағдарламасы

30 маусым 2017 жыл.  Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік жерлестерге «Асар» қолдау акциясы (Қурайлы ауылы). 19.00 — Т.Ахтанов атындағы драма театрында Ойыл халық театрының Н.Птушинаның «Свет» әңгімесінің желісі бойынша «Жарық дүние» қойылымы және «Ойылым менің — ойдағы елім!» атты мерекелік концерттік бағдарламасы. 1 шілде 2017 жыл. 9.00 — «Табыс» коммуналдық ...

Толығырақ »

Ақтөбеде жыл басынан бері 80-нен астам көлік өртке оранды

Ақтөбелік төтенше жағдай департаментінің мамандары өңірде өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарап отырғандардың көбейгенін айтады. Білім беру орындары да қауіпсіздікке қатысты тиісті талаптарды сақтамай отыр. Мамандар тексерісінен кейін 200-ден аса білім беру орындарының өрт қауіпсіздігін сақтамағаны анықталды. Жыл басынан бері 300-ден астам өрт тіркеліп, 4 адам қаза болған. «Өрттің басым бөлігі жеке ...

Толығырақ »

Ақтөбелік діндарлар рұқсатсыз ашқан «халал балабақша» бойынша әкімшілік іс сот қарауына жіберілді

Ақтөбе облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлова облыстық мәслихатта есеп берді. Басшы қалада жеке балабақшаларды рұқсатсыз салып алатын кәсіпкерлердің барын айтты. Олардың қатарында рұқсатсыз салынған халал балабақша бар, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Халал балабақша туралы ақпаратты жауапты мамандар әлеуметтік желі арқылы білген. «Instagram желісі арқылы халал балабақша ашылғандығы ...

Толығырақ »

Қандыағаш қаласында шұжық өнімдерін шығаратын жаңа цех ашылды

Жаңа цехтың ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, аудан әкімі Ербол Данағұлов, облысқа қарасты қала және аудан әкімдері, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Аудан әкімдігінен хабарлағандай, жеке кәсіпкер Әкімжан Есенаманов басқаратын «Қандыағаш Коммерц Групп» ЖШС-і өз жұмысын жуырда ғана бастаған мекеме. Бұл мекеме шұжық өнімдерінің 100-ден астам ...

Толығырақ »

Мұғалжар ауданының 50 жылдығы аясында Сапарбаев пен аудан әкімдері футболдан жолдастық кездесу өткізді

Қандыағаш қалалық мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Ақтөбе облысы әкімдігі мен облысқа қарасты аудан әкімдерінен құралған командалар Мұғалжар ауданының 20 жылдығы және Қандыағаш қаласының құрылғанына 50 жыл толуына орай шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Aktobenewskz тілшісі. Мерекеге орай ұйымдастырылған жолдастық кездесу жоғары деңгейде өтті. Ақтөбе облысы әкімдігінің ...

Толығырақ »

Димаш Құдайбергеннің тұңғыш концертінің 5 ерекшелігі аталды

Massaget.kz сайтының журналисі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің тұңғыш концертінің 5 ерекшелігін атап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 27 маусымда «Астана Арена» стадионында өзінің табиғи дарынымен миллиондарды мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергеннің «Бастау» атты жеке шығармашылық ән кеші өткен еді. Басылым осылайша концерттің бес ерекшелігі деп мына жағдайларды атады: ...

Толығырақ »

«Нұрлы жер»: Ақтөбеде коттедждер мен таунхаустар салынып жатыр

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша таунхаустар мен коттедждердің құрылысы жүріп жатыр. «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданындағы құрылыс аяқталған кезде мыңдаған отбасы баспаналы болады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе қаласында тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Қазіргі уақытта «Нұрлы ...

Толығырақ »

Ақтөбе қаласындағы 4 субұрқақ жөндеуді қажет етіп тұр

Ақтөбе қаласында 22 субұрқақ бар. Оның төртеуіне жөндеу жұмыстары қажет. Аталмыш жұмысқа жауапты жергілікті мамандар қалаға сән беретін субұрқақтарды  ретке келтіруді қолға алатын болады. «Қаладағы «Шалқыма» субұрқағы, 12 ықшам ауданындағы банк ғимаратының алдындағы субұрқақ, Зеңбірек ескерткіші жанындағы және теміржол басқармасы ғимараты алдындағы субұрқақтар бүгінде жөндеуді қажет етіп тұр. Олардың кабельдері ...

Толығырақ »

Ақтөбеде әскериге барғысы келмейтін жастардан пара алған полковник істі болды

Ақтөбеде облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрынғы басшысы Ғалымжан Жантөринге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Әскери сот қылмыстық істің пара алу бабымен жауапқа тартылған Жантөринге  2 миллион теңге түріндегі айыппұл салу жазасын тағайындады. Полковниктің үстінен қылмыстық істің қозғалғанына бір жыл болды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бұрыңғы ...

Толығырақ »

Ембі қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Нұр-Дана» бөбекжай балабақшасы ашылды

Балабақшаның ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұргүл Қалиева мен қала тұрғындары қатысты. 150 балаға арналған «Нұр-Дана» бөбекжай балабақшаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Сәуле Дәулеталина ашып отыр. Ашылу салтанатына сөз алған аудан басшысы Ербол Жеткергенұлы балабақша құрылтайшысы Сәуле Дәулеталинаға алғысын білдірді. Жаңадан ашылған балабақшада балалар үшін барлық ...

Толығырақ »