Фото

Ақтөбеде «Оқитын өлке» акциясына Қажығали Мұханбетқалиұлының туындылары таңдалды

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Оқитын өлке» облыстық акциясына Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Қайдасың сен, махаббат» туындысын таңдап алды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Биыл Байғанин жерінің перзенті, туған жері ерекше мақтан тұтатын қаламгер Қажығали Мұханбетқалиұлы 75 жаста. Осыған орай С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Дарынды жасөспірімдерге арналған ...

Толығырақ »

Ақтөбедегі жасөспірімдер кітапханасы «Теңгемен танылған елміз» атты викторина өткізді

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Теңгемен танылған елміз» деген тақырыпта танымдық викторина ұйымдастырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты — жастарды ұлттық валюта — теңгенің шығу, қалыптасу тарихымен таныстыру. «Жастардың туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту. Патриоттық рухқа, өз мемлекетіне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдеріне тәрбиелеуді көздедік. Шараға №39 ...

Толығырақ »

Aqto’be телеарнасы: Бұл телемаусым бұрынғы телемаусымнан өзгерек (ФОТО)

  Aqto’be телеарнасы жаңа телемаусымды бастап кетті. Арна ұжымы қуанышымен бөлісу үшін құрметті қонақтарын «Атамекен» мейрамханасына жинады. Шараның ресми бөлігінде облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, қала басшысы Ілияс Испанов, «Қазақстан» ұлттық арнасы төрағасының орынбасары Серік Егізбаев, қоғам қайраткері Амангелді Айталы, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Раукен Отыншин құттықтап, арна ұжымына жаңа маусымда ...

Толығырақ »

Ақтөбеліктер балаларын әскерге аттандырып жатыр (ФОТО)

Балаларын әскерге жіберуге қимай отырса да, ата-аналар көздеріне жас алып, ақ батасын берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Еркін Насибуллаев — 20 жастағы Мәртөк ауданының тұрғыны. Үйіндегі жалғыз ер бала әскерге өзі барғысы келген. Айтуынша, ата-анасы қарсы болмаған, керісінше, ақ батасын беріп, ақ жол тілеген. «Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет атқаруға дайынмын. ...

Толығырақ »

2,5 мыңнан астам ақтөбелік «Күзгі жүгіруге» қатысты (ФОТО)

Күннің суығына, көлік жүргізушілерінің қарсылығына қарамастан ақтөбеліктер жаппай 10 шақырым қашықтыққа жүгірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ақтөбе қаласында үшінші жыл қатарынан жаппай жүгіру шарасы өткізіліп келеді. Мұнда кез келген ақтөбелік жас ерекшелігіне қарамай, барлығымен бірдей жүгіре алады. Әдеттегідей, бұл жолы да ақтөбеліктер белсенділік танытты. 2,5 мыңнан астам тұрғын жаппай жүгіруге ...

Толығырақ »

«Меломен» тобының жігіттерін Алматы кафелерінің бірінде пышақтап кетті (ФОТО)

Өткен түні яғни қыркүйектің 24- нен 25-не қараған күні Меломен тобының жігіттері қалалық кафелердің бірінде төбелестің құрбаны болды. Зіңгіттей 7 жігіттің соққысына ұшыраған əншілер қалалық ауруханалардың бірінде жан сақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.  Меломендіктердің үшеуі де ауыр жарақат алған. Жендеттер тіпті Роланның бетін пышақпен ойып тұрып тілген екен. Қазіргі ...

Толығырақ »

Ақтөбедегі ұшқыштар институтының 100-ге тарта түлегі офицерлік вальс биледі (ФОТО, ВИДЕО)

Бүгін Талғат Бигелдинов атындағы Ақтөбе әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 100-ге тарта түлегі мемлекеттік емтихандарын сәтті тапсырып, офицерлік атақтарға ие болды. Салтанатты шараға облыс басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс басшысының айтуынша, әрбір мемлекеттің болашағы, дамуы оның қауіпсіздігіне байланысты. «Сол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін азаматтардың өмірінде бүгін тарихи ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысында 70-тен асқан әжей бір елді мекенде жалғыз өзі тұрады (ФОТО)

Aktobenews.kz тілшілері Мәртөк ауданына қарасты елді мекендердің бірінде көп жылдан бері жалғыз өзі тұрып жатқан Дариға Жақсылықованың үйінде қонақта болып қайтты. Санаулы күн бұрын 70 жасқа толған ол дастархан жайып, өзінің тұрмысы жайлы әңгімелеп берді. Ондаған жылдар бойы болат жолда еңбек еткен ол ауылды қимайтынын айтады. «Балаларым Мәртөкте, Ақтөбеде тұрып ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысының әкімі «Нұрлы жер» мен «Нұрлы жол» бағдарламаларын шатастырмауды сұрады (ВИДЕО)

Ақтөбе облысының әкімі «Нұрлы жерді» «Нұрлы жол» бағдарламасымен шатастырмауды сұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгін, дүйсенбі күні Ақтөбеге Павлодар қаласы әкімі бастаған делегация келді. Көрші облыстың қонақтары Ақтөбедегі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жылдам салынып жатқан үйлерді қарады. Рейд барысында павлодарлық шенеуніктер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты кездейсоқ кездестірді. Белгілі болғандай, ол ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысында аурухана ғимаратында оқып келген балалар су жаңа мектептің табалдырығын аттады

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаңа мектеп бой көтерді. Аудан орталығы Қандыағаштағы №1 қазақ орта мектебінің түрінен адам шошитын. Апатты жағдайда болғанына қарамастан, онда балалар екі ауысыммен оқып келді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Соңғы екі жылда балалар аудандық аурухана ғимаратында білім алды. №1 қазақ орта мектебінің жарты ғасырдан астам тарихы бар. ...

Толығырақ »