жексенбі , 25 маусым 2017

Ойыл

Ойыл ауданында қар құрсауынан 20 адам құтқарылды

Төтенше жағдайлар қызметінің кезекшісіне «Ойыл-Қараой» автожолында қар құрсауында 7 автокөліктің қалғаны туралы ақпарат түскен. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақпарат түскен бойда, Ойыл аудандық әкімдігінің қызметкерлері мен құтқарушылар тобы діттеген жерге жетті. Қар құрсауынан 20 адамды құтқаруға тура келді. Бүгінгі күні барлық бағыттарға жол ашық деп хабарлайды ...

Толығырақ »

Ақтөбелік дәрігерлер шалғай ауылдардың балаларына төрт операция жасады

Ақтөбеде құрылған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жұмыс тобы Ойыл ауданында болды. Жұмыс тобының құрамында 34 адамның 18-і дәрігер. Ойылдың ауруханасында 4 балаға күрделі операция жасалды. Олар туа бітті жарық және крипторхизм ауруларымен ауырған науқас балалар. Ойыл ауылының тұрғыны Жазира Сүлейменованың екі жасар баласына жасалған операция сәтті шықты. Енді ол дәрігерлердің ...

Толығырақ »

Ойылға газ барды

Ақтөбенің шалғай жатқан аудандарының бірі Ойылдың орталығында тұратын 6 мың тұрғын енді көгілдір отынның қызығын көретін болды. Ауылда 871 жеке үй мен 59 коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысан бар. Енді барлығы да газбен жылытылады. «Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарту жүйелерін жаңғырту» инвестициялық жобасы аясында ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» акционерлік ...

Толығырақ »

Ойылдықтар Шығанақ тойын өткізді

Ойыл ауданында әйгілі тарышы Шығанақ Берсиевтің 135 жылдығы өтті. Айтулы шараға даңқты тұлғаның ұрпақтары, еңбек ардагерлері, жергілікті тұрғындар қатысты. Ғылыми — танымдық конференция, облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Атақты тарышы Шығанақ Берсиевтің мерейтойына жиналғандар, алдымен, оның басына барып тағзым етті. Әйгілі еңбек ерінің мазары жанындағы «Даңқ мұнарасы» мемориалы 1944 жылы салынған. ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысындағы жалғыз әйел әкім азаматтарды ауылға бетбұруға шақырды

Туған жерге «тағзым етуге» ынталы ойылдықтар Ақтөбеде бас қосты. Бұл шараны Ойыл ауданының басшылығы «Туған жерге тағзым», «Түлек. kz» акциялары аясында ұйымдастырды. Аудан әкімі Бұлбұл Күзембаева Ойыл өңірінен шыққан азаматтарды ауылға бет бұруға шақырып отыр. Әсіресе, кәсіпкерлерге ауданның экономикасына серпін беретін жобаларға қаржы салу, ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мәселесіне назар ...

Толығырақ »

Ойыл ауданында дәстүрлі емес ауыл шаруашылығы өнімдері өсіріле бастады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ойыл ауданына барды. Өңір басшысы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен шектесетін Қарой және Сарбие ауылдық округтерінде болып, әлеуметтік нысандарды аралады, тұрғындармен кездесіп, егін ору науқаны барысымен танысты. Қарой ауылдық округінің аумағында орналасқан «Әділет» шаруа қожалығында бірнеше жылғы құрғақшылықтан кейін биыл егін бітік шыққан. Көктемде 150 ...

Толығырақ »

Ақтөбедегі Ойыл ауданының күндері (ФОТО)

Ақтөбеде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Туған жерім — нұрлы елім!» атты акция аясында Ойыл ауданының күндері өткізілді. Атақты ақ тарының атасы Шығанақтың  елінен келгендер Ақтөбені екі-үш күн бойына әдемі ән-күйге бөлеп, қызықты шаралар өткізді. Асан қайғы «Ойыл көздің жасы еді» деп өлеңге қосқан өлке туралы түрлі тарихи деректерді ...

Толығырақ »

Ойылдық омарташы ара балынан мол өнім алды

Ойылдық омарташы ара балын өндіріп, ауыл шаруашылығының тың саласына түрен салды. Ғалимарданбек Есенаманов мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, аудан үшін таңсық кәсіпті таңдап алды. Ара асырап, бал өндіру жұмысын бастады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры берген 4,5 млн. теңге несиеге Қостанай облысынан 50 ұя ара сатып алған. Қазір ауыл іргесіндегі ескі ...

Толығырақ »

Ойылда аталар мен әжелер екі клуб ашты

Ойылдық ақсақалдар ардагерлер клубын ашты. Ал олардан бұрын Ойылдың белсенді әжелері «Замандас» клубын ашып алған болатын. Аталар мен әжелер жас ұрпақ тәрбиесімен айналыспақшы. Әр аптаның сәрсенбісінде ауыл ақсақалдары клубқа жиналып, ауданның өзекті мәселелерін талқылайды. Бос уақыттарында шахмат, дойбы ойнап, газет-журналдар оқиды, ел жаңалықтарымен бөліседі. Ал әжелер ауданның мәдени-қоғамдық шараларына белсеніп ...

Толығырақ »

Диқандар Ойылдың тарысын Италияға таныстырмақ

Ойылда Шығанақ Берсиевтің ізбасарлары тары өсіру ісін жандандырып, биыл қыркүйекте Еуропа елдеріне апарып таныстырмақ. Ақ тарының атасы туған өңірде биыл «Жақып» шаруа қожалығының басшысы Жұмабай Жақып 100 гектар алқапқа дән септі. Ол «биыл жауын-шашын мол түсті, демек өнім шығымы да мол болады» деп үміттеніп отыр. Шаруа қожалығы жыл сайын қыр ...

Толығырақ »