бейсенбі , 17 тамыз 2017
Бастапқы бет / Әлем (page 5)

Әлем

Ғалымдар 150 жылда алғаш рет көзі жоқ жұмбақ балықты тапты (Видео)

Биологтардың халықаралық командасы Аустралия жағалауында өліп қалды деп саналған көзі жоқ балықты тапты, — деп жазады New Atlas. Теңіз балығының көзі жоқ, ал аузы денесінің төменгі жағында орналасқан. Сирек кездесетін балық Джервис шығанағында тереңдігі төрт шақырым жерден табылған. Айта кетейік, осындай ерекше балық cоңғы рет 1873 жылы табылған екен. Мамандар ...

Толығырақ »

АҚШ ғарыш зымырандарын ұшыратын әлемдегі ең ірі ұшақ жасап шығарды

АҚШ-та қос қанатының ұзындығы 117 метр болатын Stratolaunch ұшағы көпшілікке таныстырылды, — деп хабарлайды The Washington Post. «2017 жылдың 31 мамыры, сәрсенбіде Калифорния штатындағы Мохаве шөліндегі ангардан Stratolaunch ұшағы алғаш рет шығарылды. Ол 9,1 мың метрден ғарыш тасығыш зымырандарын ұшыруға арналған», — делінген хабарламада. Ұшақтың 28 дөңгелегі мен алты реактив ...

Толығырақ »

Түркияда әскери тікұшақ құлады

ҚазАқпарат -Түркияның Ширнак провинциясында әскери тікұшақтың құлауының салдарынан 12 адам мерт болды, деп хабарлайды ТАСС Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Осыған дейін Hurriyet Daily News басылымының хабарлағанындай, Cougar тікұшағы әуеге көтерілгеннен кейін үш минуттан соң электр тарату желісіне тиіп кетіп, апатқа ұшырады. inform.kz  

Толығырақ »

Германияның Кабулдағы елшілігінде жойқын жарылыс болды

Ауғанстан астанасы Кабул қаласында орналасқан Германия елшілігінің алдында жойқын жарылыс болды, — деп хабарлайды Reuters Полициядағылардың айтуынша, дипломатиялық ғимараттың алдында жарылғыш зат орнатылған автомобиль жарылған. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша, сағат 08.30-болды. Жарылыс салдарынан 10 шақты адам қаза тауып, 100-ден аса адам жараланды. Қазіргі уақытта ауруханаға 67 адам жеткізілген. Жарылыс президент ...

Толығырақ »

Ежелгі Мысыр халқының шыққан тегі белгілі болды

Аустралия, Германия, Польша және АҚШ генетиктері Ежелгі Мысырдың тұрғындарының шыққан тегіне зерттеу жасады. Ғалымдардың бұл зерттеуі Nature Communications журналында жарияланды, — деп хабарлайды Lenta.ru. Зерттеу қорытындысы ежелгі мысырлықтар Таяу Шығыстан келген болып шықты, нақты айтқанда, олардың ежелгі Левант пен Антолия халқымен генетикалық байланысы анықталды. Ал елдің қазіргі тұрғындарының ата-тегі Сахараның ...

Толығырақ »

Сеулде қаза тапқан қазақстандық құмар ойындарға тәуелді болған — ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Сеулде қаза болған Қазақстан азаматының құмар ойындарға тәуелді болғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ведомствоның мәліметінше, 32 жастағы қазақстандық Сеулде бір жыл уақыт болған. Жайнақовтың айтуынша, ер адам 29 мамырда шамамен сағат 23.40-та 10 метрлік көпірден құлап кеткен. «Полицияның мәліметінше, ...

Толығырақ »

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 24-кездесуінде де жеңіске жетті

АҚШ-тың Бока Ратон қаласында жұманың кешінде (Қазақстанда сенбі күні таңертең) қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мексикалық Норберто Гонсалеспен рингте кездесті. Орта салмақ (69 келі) дәрежесінде 12 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіс Қанат Исламға берілді, деп жазады «Азаттық». Қанат Ислам осы жеңісінен кейін бос тұрған WBO NABO және ...

Толығырақ »

Сицилияда «Үлкен жетілік» елдерінің саммиті басталады

Бүгін Италияның Сицилия аралындағы Таормина қаласында «Үлкен жетілік» елдерінің екі күндік саммиті басталады. Саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп қатысады. Саммитте оған қатысатын өзге елдердің басшылары Трамптан оның сауда және климаттың өзгеруіне қатысты ұстанымын сұрайды деп болжанып отыр. «Үлкен жетілік» елдерінің басшылары сонымен қатар Манчестерде 22 мамырда 22 адам қаза тапқан ...

Толығырақ »

Лара Фабиан Димаштың туған күніне арнап ән шырқады (ВИДЕО)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге әлеуметтік желілер арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар жолданып жатыр. Бүгін Димаштың туған күні. Қазақтың мақтанышы 23 жасқа толды. Videogram_kaz атты инстаграм-канал америкалық әртіс әрі модель Ева Лонгория мен әйгілі әнші Лара Фабианның құттықтауын жариялады. Лара Фабиан құттықтауын «Happy birthday to you» әнімен жеткізген.  

Толығырақ »

Ұлыбританияның «Манчестер Арена» стадионында екі жарылыс болды: 20 адам қаза тапты (Видео)

Ұлыбританиялық БАҚ-тар куәгерлерге сілтеме жасай отырып, «Манчестер Арена» стадионында екі жарылыстың болғанын хабарлады, — деп жазады РИА Новости. Басылымның мәліметінше, Манчестер полициясы алаңда жарылыстың болғанын және онда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың бар екенін растады. Ал кейбір БАҚ өкілдері Twitter желісіндегі қолданушыларға сілтеме жасай отырып, бұл оқиғаның әнші Ариана Гранденің ...

Толығырақ »