жексенбі , 25 маусым 2017
Бастапқы бет / Әлем (page 3)

Әлем

Димаш Құдайберген Ева Лонгориямен бірге қайырымдылық кешіне қатысты

Танымал жас әнші Димаш Құдайберген Париждегі Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Париждегі өтетін шараға Димашты америкалық актриса Ева Лонгория шақырғаны туралы бұған дейін хабарланған еді. 16 мамырда Франция астанасында болған Гала-кешті ЮНИСЕФ қолдауымен танымал актриса, продюсер және режиссер Ева Лонгория ұйымдастырды. «Парижде 16 мамыр күні өтетін ...

Толығырақ »

Трамп Лавровпен «өте жақсы» келіссөз өткізгенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуін «өте жақсы» деп бағалады. Ол Вашингтон мен Мәскеу Сирияда алты жыл бойы жалғасып жатқан соғысты тоқтатуға бірге күш жұмсайтынын айтты. АҚШ президенті Дональд Трамп мамырдың 10-ы күні Ақ үйде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Бұл Трамптың қызметіне ...

Толығырақ »

Қытайда қарлы боранда жоғалған альпинистерді іздеуде

ҚХР-да елдің орталық бөлігінде тауға көтерілген кезде қарлы боран соғуы салдарынан екі адам қаза тауып, 23-і жоғалып кетті. Шэньси провинциясындағы Циньлин тау тізбегі шыңдарының біріне бірінші мамыр мерекесі қарсаңында 30 альпинист шыққан. Олар Қытайдың әр аудандарынан үш топ болып Цинхай және Чжэцзян провинцияларынан, сондай-ақ Шанхайдан келген. 1 мамырда шың басы ...

Толығырақ »

Қырғызстан бүгін көшкін құрбандарын аза тұтып жатыр

Қырғыз елі сенбі күні Ош облысындағы Аюу ауылында көшкін салдарынан құрбан болғандарды аза тұтып жатыр. Кеше президент Алмазбек Атамбаевтың жарлығымен 30 сәуір ұлттық аза тұту күні болып жарияланған. Бүгін бүкіл ел көлемінде және дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарында Қырғызстан мемлекеттік туы төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары өткізілмейді, телерадио арналарынан көңілашар хабарлар берілмейді. Сәуірдің ...

Толығырақ »

Қытай билігі балаларға «мұсылманша есім» қоюға тыйым салды

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының билігі жаңа туған балаға әдетте мұсылмандар көп қолданылатын діни мағынасы бар есімдерді қоюға тыйым салды. Тыйым салынған есімдер тізіміне ондаған есім енгізілген. Бұл туралы «Азаттық» хабарлайды. 25 сәуірде Азат Азия Радиосының эфирінде сөйлеген Шыңжаң әкімшілігінің ресми өкілі батыстық БАҚ-та жарияланған, Ислам, Құран, Мекке, Жиһад, ...

Толығырақ »

АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынады

АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Зымыран Калифорниядағы Ванденберг базасынан ұшырылды. Бұған дейін әскери басшылық АҚШ бұл сынақ арқылы өзінің ядролық әлеуетін көрсеткісі келетінін мәлімдеген. Ядролық заряд алып ұша алатын зымыран Солтүстік Кореяның зымыран және ядролық бағдарламасына қатысты жағдай шиеленіскен тұста сыналып отыр. Пхеньян сәуірде жаңа ядролық сынақ жасауға ...

Толығырақ »

Қытайдың CCTV орталық телеарнасы Димаш Құдайберген туралы арнайы хабар таратты

Кеше Қытайдың CCTV орталық телеарнасы «Димаш — бір белдеу, бір жолдың музыкалық елшісі» атты арнайы хабар таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 5 минутқа созылған хабарда, Димаштың туған жері, шығармашылық жолы, жетістіктері сөз болды. Сонымен Димаштың өнері туралы белгілі музыкатанушылардың пікірі берілген. «Шынымен ғажайып, ешбір техникасыз адамдың көмейінде осындай дауыс болатынын бірінші ...

Толығырақ »

Димаш жапониялық сауда үйінің ашылуына қатысты

Димаш Құдайберген кеше Қытайдың Сиань қаласындағы жапондық ISSEY MIAYKE танымал брендінің сауда үйін ашу салтанатының құрметті қонағы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Димаштың ресми өкілі Алпамыс Шәрімов өзінің инстаграм желісінде жария етті. «Димаш қытайдың ең алғашқы астанасы Сиань қаласында танымал жапондық бренд Issey Miyake — нің ресми сауда орталығының ...

Толығырақ »

Грузия Шешенстан билігіне жақпай қалған адамға босқын мәртебесін бермеді

Тбилиси қалалық соты Грузияның босқындар ісі және орналастыру жөніндегі министрлігінің Шешенстан тумасы Тумсо Абдурахмановқа саяси босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімін күшінде қалдырған. Сот министрліктің Абдурахмановқа саяси босқын мәртебесін беру «кейбір жағдайларға байланысты ел мүддесіне қайшы келеді» деген уәжі иланымды дәлел бола алады деп ұйғарған. Тумсо Абдурахманов көлігімен Шешенстан ...

Толығырақ »

Франция президенті сайлауында Макрон мен Ле Пен алға шықты

Франциядағы президент сайлауында берілген дауысты санау аяқталып қалды. Соңғы мәліметтер бойынша, центрист Эммануэль Макрон мен әсіре оңшыл Марин Ле Пен сайлаудың 7 мамырға белгіленген екінші кезеңіне өтіп тұр. Қазірге дейін бюллетендердің 99 пайызы саналды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 23 сәуірде өткен сайлауда Макрон 23,82 пайыз, Ле Пен 21,57 пайыз дауыс ...

Толығырақ »