жексенбі , 25 маусым 2017
Бастапқы бет / Экономика

Экономика

Ақтөбе облысында 2016 жылдың басынан бері еңбекақы бойынша 660 млн. теңгеден астам қарыз өндірілді

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы  2016 жыл мен 2017 жылдың І тоқсаны арасында облыстағы ұйымдар мен кәсіпорындарға 928 тексеріс жүргізді. Бұл туралы облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Оразаев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жүргізілген тексерістер нәтижесінде 1600-ден аса түрлі заңбұзушылықтар анықталып, 260-тай лауазымды ...

Толығырақ »

Биыл Ақтөбе облысына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұлттық қордан 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Аталған қаражат 48 жобаның жүзеге асырылуына жұмсалады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы комиссияның отырысында айтылды. Жиында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, су-жылумен қамту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Қазақстан-Ақтөбе» арнасы. Белгілі болғаны, биыл облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 16 мектеп салынып, инженерлік желілер жаңартылады. Бұдан өзге, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту ...

Толығырақ »

Бердібек Сапарбаев газ тапшылығына жол берген басқарма басшыларына шара қолданылатынын жеткізді

Ақтөбе облысындағы сұйылтылған отын тапшылығына байланысты облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бүгін тиісті құрылым басшыларымен кездесті. «Энергетика министрлігінің бізге квотаны қажет мөлшерде бөлгеніне қарамастан соңғы бес күннің ішінде өңірде газбен қамтамасыз ету мәселесі туындап отыр. Қаңтар-ақпан айларында мұнда мәселе туындамады. Ақпан айымен салыстырғанда автокөлік санының артқаны да байқалмайды. Сонда мұндай дүрбелеңнің ...

Толығырақ »

Мұғалжар ауданында 248 мың гектар жер шаруа қожалықтарына берілмек

Қазір Ресей мемлекеті Қазақстанға қайтарып берген Ембі полигонының құжаттары қайта рәсімделіп жатыр. Құжаттар рәсімделген соң Мұғалжар ауданы аумағындағы 248 мың гектар жер шаруа қожалықтарына берілмек, деп хабарлайды Aktobenews.kz облыстық «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасап. Аталған жерді көршілес Ресей осыдан бірнеше жыл бұрынғы келісім бойынша әскери сынақ жүргізу мақсатында пайдаланып келген. Әскери ...

Толығырақ »

«Бизнес Кеңесші» курсынан өткен Хромтау тұрғыны қоғамдық монша салды

Хромтау ауданының Ақжар ауылында қоғамдық монша ашылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz. «Ауыл тұрғындары монша салуды ұзақ күтіп, көптеген жылдар бойы жергілікті билікке осы мәселені жиі айтып келе жатқан. Моншаны кәсіпкер Баянсұлу Шукумова ашты. Кәсіпкер бизнес-жоспарын дайындап, әлеуметтік маңызды нысанның рұқсат құжаттарын түгелдей рәсімдеген», — дейді Кәсіпкерлер палатасының өкілдері. Монша құрылысы кәсіпкердің ...

Толығырақ »

Ақтөбелік жас кәсіпкерлер үш жылда таңқурай плантациясын 25 гектарға жеткізді

Ақтөбелік жас кәсіпкерлер үш жылда таңқурай плантациясын 25 гектарға жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сүйенсек, «Болат ЛТД» серіктестігінің бүкіл Қазақстан бойынша бәсекелесі жоқ. «Жас кәсіпкерлер таңқурай өсіріп, оның өндірісімен, тосап жасаумен айналысып келеді. Үш жыл ішінде таңқурай плантациялары 1,5 гектардан 25 гектарға дейін ұлғайды. Бүгінде «Болат ЛТД» ...

Толығырақ »

Жергілікті билік сұйылтылған газдың не себепті тапшы болып отырғанын түсіндірді

Ақтөбе облысында сұйылтылған газды тұтыну көлемі жыл санап артып келеді. Әсіресе, автокөлік жүргізушілері тарапынан отынның осы түріне сұраныс жоғары. Өткен жылдың осы уақыт аралығымен салыстырғанда газ құю бекеттерінің саны 38 пайызға артты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметтеріне қарағанда, газ қондырғысы бар автокөлік саны 54 пайызға артып, ...

Толығырақ »

Ислам Әбішев: «Ақтөбе облысы суармалы жерлерді енгізуде көш бастап тұр»

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша жиналыс өткізді. Егін егуге екіталай аумақта орналасқан облыстың маңызды мәселесін талқылау үшін Ақтөбеге ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Ислам Әбішев келді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты ҚР халқына жолдауында ...

Толығырақ »

Ақтөбе мыс компаниясы жаңа кен орындарын игеруді мақсат етеді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Орыс мыс компаниясы» ЖАҚ президенті Всеволод Левинмен жұмыс барысындағы кездесу өткізді. Орыс мыс компаниясының құрамына Хромтау ауданында мыс-мырыш кенін шығаратын «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС кен орны кіреді. Б.Сапарбаев кәсіпорын басшысының алдына тауарды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық құрамның үлесін ұлғайту, жұмысшылардың еңбекақысын жыл сайын индексациялап, ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысы Израильмен бірнеше салада ынтымақтастық жасауға ниетті

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде өтіп жатқан қазақстан-израиль бизнес форумы кезінде бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытатындығын жеткізді. Форум барысында бірнеше әлеуетті бағыттарды атап өткен Бердібек Сапарбаев іскерлік қарым-қатынасты дамытуға қызығушылық бар екенін жеткізді. Осылайша Ақтөбе билігі жас кәсіпкерлерді заманауи ақпараттық технологияларға, дамуы кешеуілдеген балаларды оңалту саласындағы мамандарды ...

Толығырақ »