жексенбі , 25 маусым 2017
Бастапқы бет / Қазақстан (page 5)

Қазақстан

Димаш Құдайбергеннің концертіне шетелдіктер алдын ала билет сатып алып жатыр

Димаш Құдайбергеннің 27 маусымда Астанада өтетін жеке концертіне қазақстандықтармен бірге шетелдік табынаушылары да билет сатып алып жатыр, деп хабарлайды «Tengrinews.kz» сайты. Қазіргі кезде билеттердің 40 пайызы сатылып кеткен. Бұл туралы әншінің продюссері және досы Алпамыс Шаримов  Instagram желісіндегі парақшасында жазған.  Bastau концерті EXPO-2017 қарсаңында «Астана Аренада» болады.

Толығырақ »

Оңтүстік Қазақстан облысында ескерту жарияланды

Оңтүстік Қазақстан облысында ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. «6 мамырда ОҚО-да жауын-шашынның болуына байланысты су тасқыны орын алуы мүмкін», — делінген хабарламада. inform.kz

Толығырақ »

Білім министрлігінің бұйрығымен оқушылардың үй тапсырмасы қысқартылды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар бекітілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 017 жылғы 24 сәуірде ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев № 182 бұйрығымен республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекітті. Бұл ұсыныстардың негізін ...

Толығырақ »

Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жер сілкінді

Шымкентте бүгін жергілікті уақытпен сағат 10:50 шамасында жер сілкінісінің дүмпуі сезілді. Сейсмология институтының өкілі Әнуар Бигалиевтің Азаттыққа айтуынша, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10:47-де Алматыдан оңтүстікке қарай 613 километр қашықтағы Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің қуаты 6,3 магнитуданы құрады. «Жер сілкінісі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасымен бірге ...

Толығырақ »

Ақтөбеде ассенизаторлық көліктер нәжіс суларын қаланың қақ ортасына төгіп кетіп жатыр

Ақтөбеде нәжіс суларын ассенизаторлық көліктер қаланың бірнеше ауданына төгіп кеткен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. ПОШ ауданында бір көлік тәртіп сақшыларының назарына ілікті. Жүргізушісіне айыппұл салынды. Қаланың орталығы саналатын ДСК ауданына да бір көлік нәжіс суын төгіп кеткен. 41 разъезде арнайы орын бола тұра, тұрғын цистернадағы нәжіс суын жақын маңға ағызып ...

Толығырақ »

Ақтөбе және Орынбор облыстары өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Мұндай келісімге екі шекаралас елдің басшылары Орынборда өтіп жатқан Ақтөбе облысының күндері аясында өткен ресми делегациялардың кездесуінде келді. Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг Ақтөбеден келген делегациямен амандасты. «Мен Ақтөбе облысы күндері аясында өтіп жатқан көптеген шаралардың көршілеріміздің төл мәдениеті мен салт-дәстүрін жақынырақ тануға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін. Біздің өңірлерді тек тарих, ...

Толығырақ »

Ақан Сатаев Елбасына өзінің жаңа фильмі туралы айтып берді

Қазақстан халық ассамблеясының XXV сессиясына қатысу аясында Нұрсұлтан Назарбаев режиссер Ақан Сатаевпен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу кезінде Ақан Сатаев Елбасына жаңа фильмінің сценариі мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Президент кино түсіруде қазақ ұлтының қалыптасуы мен егемен Қазақстанның астанасының салыну тақырыбын қозғау маңызды екенін ...

Толығырақ »

Елбасы Димашқа бата берді

Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында басталған Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Димаш Құдайберген деген баламызды батамды беру үшін қабылдап, кездестім де, сіздерге сәл кешігіп қалдым. Батамды бере отырып, қазақ деген халық өте жақсы көргеннен құшағына қысып өлтіріп жіберуі мүмкін, содан ...

Толығырақ »

Димаш Құдайберген ата-анасымен бірге ән салып, ата-әжесіне бас иді (Видео)

Қазақстанға келуіне орай ұйымдастырылған концертте Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтармен бірге ән салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қазақстан» орталық концерт залында Қытайдан I’m Singer байқауының екінші орнын жеңіп келген қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне орай кеш өтті. Концертте Димаш Құдайберген конкурста шырқаған «Туған Ел», «Дайдидау» және «Махаббат ...

Толығырақ »

Димаштың Астанада өтетін концертінің билеттері 2-10 мың теңге аралығында сатылып жатыр

27 маусымда «Астана-Арена» стадионында Димаш Құдайбергеннің жеке ән кеші өтетіні белгілі. Бүгінде аталған концерттің билеттері сатылымға шыққан, деп хабарлайды sn.kz. «Тикетон» сайтының мәліметінше, Димаштың концертіне сатылып жатқан билеттердің ең арзаны 2000 теңгені құрайды екен. Бұл стадионның оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс секторларындағы орындар. Ал, шығыс пен батыс секторлардағы орындар – 3000 теңге. ...

Толығырақ »