Ақтөбеде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Бүгін Халықтық кеңседе «Азаматтарға арналған үкімет» МК Ақтөбе облысы бойынша филиалы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе қаласы әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Аталған шараның мақсаты — мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту, «Электронды үкімет» веб-порталының мүмкіндігтерін халыққа түсіндіру.

Шараны өткізу барысында тұрғындар мемлекеттік қызмет көрсетудің ең көп сұранысқа ие салалары, атап айтқанда электрондық анықтамалар, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік сала, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлік бойынша қажетті ақпараттар алды

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері келген халыққа компьютер мен смартфон арқылы қажетті құжаттарды қалай алуға болатынын көрсетті.

 

Пікір қалдырыңыз