Елжан Біртанов: Ақтөбе облысы бойынша 1500 дәрігердің жалақысы көтеріледі

Шілде айынан бастап медицина қызметкерленің жалақысы 30 пайызға артады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Денсаулық сақату министрі жалақысы төмен дәрігерлер жеке емханалар мен басқа салаға кетіп жатқанын ашып айтты. Енді Елбасының тапсырмасы бойынша денсаулық саласындағы төмен жалақы алатын бүкіл қызметкерлердің айлығы 30 пайызға көтерілетін болады.

«Ақтөбе облысы бойынша дәрігерлерден бөлек жалпы медициналық қызметкерлерді қосқанда 10 500 маманның жалақысы өседі. Әрине, бұл оларға үлкен мотивация болары анық», — дейді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Пікір қалдырыңыз