Ақтөбедегі абақтыда 100-ден аса адам есірткі мен ішімдіктен мәжбүрлеп емделіп жатыр

Ақтөбедегі КА-168/2 мекемесіне медицина қызметкерлері арнайы аппараттармен кіргізілді. Үлкен машинамен келген медициналық тексеру аппаратары арқылы 200-ге жуық жазасын өтеушілердің денсаулығы тексерілді.

«Мұндай шаралар облыстағы жазалау мекемелерінде тұрақты жүргізіліп тұрады. Сотталушылар тәжірибелі дәрігерлердің алдынан толыққанды тексерістен өтеді. Науқастардың шағымына байланысты ұсақ оталар жасалады. Жалпы саны 200-ге сотталушы медициналық тексерістен өтті», — дейді түзеті мекемесінің баспасөз қызметі Нұргүл Жұмағұлова.

Сотталушылар әр дәрігердің алдына жеке-жеке кіріп, кеңес алды.

«Жазалау мекемесінде ішімдік пен нашақорлыққа салынған адамдарды мәжбүрлеп емдеу мерзімі алты ай. Қазір бұрынғыдай емес, мәжбүрлеп емделушілер саны азайды. Сотталушылардың арасында мәжбүрлі ем алып жатқандардың саны 20-ға жуық. Ал жүзден аса адам емін толық алып, арнайы есепке алынды. Бұл жазылмайтын ауру деп айта алмаймыз. Бәрі де адамның өзіне байланысты», — дейді дәрігер-нарколог Сәуле Бекетова.

Пікір қалдырыңыз