Ақтөбе полициясы жол-көлік апатының куәгерлеріне іздеу салды

Көрнекі фото

Ақтөбе облыстық полиция департаменті 6 наурыз күні болған жол-көлік апатына куәгерлерді іздейді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

6 наурыз күні сағат шамамен 11:05-те мемлекеттік нөмірі 457 АВ 04 болатын «Jac Hk6105 g» көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасына түсті. Облыстық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус аялдамасы маңында болған жол-көлік оқиғасына байланысты куәгерлерге іздеу салынады. Байланыс телефондары: 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10.

Пікір қалдырыңыз