Ақтөбе облысы бойынша 59 медициналық нысан салынады

Ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімді болуы үшін өңірде 59 нысан бой көтереді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстағы салынатын медициналық көмек беру нысандарының 30-ы дәрігерлік амбулатория, қалғаны фельдшерлік медициналық пункттер. Ғимараттарда қызмет жасайтын кадр мәселесі де шешілген.

«Біздің ойымыз — ауыл тұрғындарына 100 пайыз медициналық көмек жеткізу. Бұл өте маңызды жұмыс. Жергілікті атқару органдарымен жоспарлап, кадр мәселелерін де шештік. Биыл жергілікті медициналық университетті грант негізінде бітіріп шыққан студенттер үш жыл бойы мемлекеттік емханаларда жұмыс жасайды», — дейді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Өңірге сапармен келген Елжан Біртанов Ақтөбе медициналық кластерінің жұмысын жоғары бағалады.

Пікір қалдырыңыз