Түркістан облысында жоғалған 40-тан аса түйе табылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 40-тан аса түйені тауып, иесіне қайтарды. Малшының іздеу салған малы қараусыз, он шақырым жерде жайылып жүрген болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, түйелердің жоғалғаны туралы Созақ аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне жергілікті екі тұрғын арызданған. Олар бос жайылымнан 40-тан астам түйелерінің жоғалғандығын айтқан.

«Жоғалған түйелерді тездетіп іздеу мақсатында полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Бірнеше мобильдік топ жақын жердегі бос жайылымдық жерлер мен тағы да басқа аумақтарды түгелімен тексеріп шықты. Тәртіп сақшыларының алдын ала жүргізген тексеру шаралары нәтижесінде алыс жайылымнан жоғалған түйелар табылды. Сөйтіп заңды иелеріне қайтарылды. Жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларына малдарын іздеу барысында кәсібилік пен жеделділік танытқандары үшін алғыстарын білдірді», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пікір қалдырыңыз