Ақтөбеде бес күн бойы көмекке мұқтаж аналарға арнайы қабылдау жүргізіледі

Бүгіннен бастап қаланың төрт жерінде қоғамдық қабылдау өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Билік өкілдерімен қатар қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді аналар да өтініш арыздарды қабылдайды. Көмекке мұқтаж көпбалалы және мүгедек бала бағып отырған аналарды тіркеп, сол тізім бойынша еріктілер мен қоғамдық қорлар арқылы жағдайлары тексеріледі.

11-15 ақпан аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жеке сұрақтармен қабылдау 4 мекенжайда ұйымдастырылады.

1. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры, Ахтанов көшесі 52.

2. Халықтық кеңсе, Сәңкібай батыр даңғылы 249.

3. Астана ауданының әкімдігі, Сәңкібай батыр даңғылы145 Б.

4. «ЭКСПО ғимараты», Қарғалы тұрғын үй алқабы, 60 лет Октября көшесі.

Пікір қалдырыңыз