Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы: ақтөбеліктер Башқұртстандағы ежелгі шипажайда жеңілдікпен демала алады

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында Ақтөбеге «Красноусольск» шипажайының өкілдері келді. Баспасөз үйінде өткен пресс конференцияда екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен өңірлердің байланысы туралы айтылды.

Башқұртстандағы «Красноусольск» шипажайы адам денсаулығын нығайтуға, буын, тері ауруларынан емдеуге машықтанған. Ну орман арасында, өзен жағасында тұрған шипажайдың 95 жылдық тарихы бар. Мұнда минералды су, табиғи балшықпен емдеу жүргізіледі. Асқазан ауруларын да емдейді. Жыл бойы үзіліссіз жұмыс істейтін шипажай өкілдері бүгін өңірдегі кәсіподақ басшылары мен шипажай, БАҚ қызметкерлеріне тиімді ұсыныстарын айтып берді.

«Шипажайға қазақстандықтар жиі келеді. Бұл да екі ел, екі өңір басшылары арасындағы тығыз қарым-қатынастың айғағы деп білеміз. Біз Башқұртстаннан сағат 15:00-де шығып, 9 сағаттың ішінде Ақтөбе қаласына жеттік. Жол өте жақсы, таза. Ал шипажай туралы айтар болсам бізде минералды бұлақ бар. Ем қабылдап, демалуға да болады», — деді ​ «Красноусольск» шипажайы директорының орынбасары Рамзия Юлмахаметова.

Айта кетейік, шипажайда миреналды судың екі түрі бар. Емдік қасиеті бар балшық та шипажай аумағында орналасқан. Косметологиялық қызмет түрі жақсы дамыған. Демалуға барған адамдар үшін қаланың тарихы мен сәулетті құрылысына экскурсия жасалады.

«Шипажайға жақын аумақта мешіт те бар. Сонымен қатар, шіркеу орналасқан. Шипажай маңындағы Табынск ауылына да баруға болады», — деді Рамзия Юлмахаметова.

Шиапажайда зейнеткерлер мен мұғалімдерге жеңілдік қарастырылған. Мұнда отбасымен демалу ыңғайлы әрі тиімді.​

Пікір қалдырыңыз