Ақтөбеде жертөледегі автотұрақта тұрған көліктен өрт шықты

Ақтөбе қаласында жертөледе тұрған автотұрақта «Lexus GS-300» көлігі жанды. Қою түтін арасынан 100-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінен өрт шықты. Автобұрақта тұрған «Lexus GS-300» көлігі жанып, от жылу құбыры мен электр тогын шарпыған. Салдарынан түтін қоюланып, 100 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

«Жылу, кәріз құбыры жанып, тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылды. Барлығы ​ 100-ден астам тұрғын шығарылса, оның 38-і бала. Зардап шекккен адамдар жоқ. Оқиға орнына өрт сөндіру, авариялық құтқару мекемесінен 50-ден астам қызметкер мен 9 техника жіберілді. Жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері, газ, жарық, жылу жүйесінің жұмысшылары барды», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз