Ақтөбеде көзі көрмейтін 5 жасар бүлдіршін өлең оқудан бас жүлде ұтып алды

Ақтөбеде туа бітті зағип атанған 5 жасар бүлдіршін Томирис Мұқашева М. Мақатаевтың өлеңін жатқа оқып, бас жүлдені ұтып алды.

Жетекшілері сахнаға жетектеп шыққан бүлдіршін бірден көпшіліктің қошеметіне бөленген. «Қазақтың қара өлеңі — құдіретім» байқауында Томирис ерекше көзге түскен.

«Қызым «Ақбота» арнайы балабақшасына барып жүр. Туғаннан көзі көрмейді. Жарыс кезінде оны зағип жандарға арналған кітапхана қызметкерлері алып шықты. Өздері дайындады. Зағиптарға арналған кітапханаға өткен жылдан бері барып жүрміз»,- дейді анасы Жанар Мұқашева.
Екі бала тәрбиелеп отырғанын айтқан анасы қызын арнайы кітапханаға өткен жылдан бері апарып жүр.

«Өзім мектепте жұмыс жасаймын. Қызымды кітапханаға тек жолдасым жұмыстан келген кезде апарады. Ол жақта аудио дискілер арқылы өлеңдер, ертегілер тыңдатады»,-дейді анасы.

М. Мақатаевтың туған күніне орай Ақтөбе қаласындағы білім ордаларының арасында өлең оқудан жарыс өтті. Балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушыларының арасындағы сайысқа қатысушылар көп болды.

Пікір қалдырыңыз