Ақтөбеде балабақшаларды сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкерлер 560 миллион теңге жұмсады

​Қала бойынша мектепке дейінгі тоғыз ұйым сенімгерлік басқаруға берілген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сенімгерлік басқару бұл мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясындағы жұмыстың бір түрі. Сатып алу құқығынсыз құрылтайшылар бес жылғы жоспардың негізінде белгілі бір мөлшерде қаржы аударады.

«Қалада сенімгерлік басқаруға балабақшалар 2017 жылдан бастап берілді. Барлығы 9 балабақша серімгерлік басқару негізінде жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде кәсіпкерлер балабақшаны жөндеуге, қажетті жабдықпен қамтамасыз етуге 560 миллион теңгеден астам қаржы бөлді. Мемлекеттік тапсырысты да орындап отыр. Әр балаға мемлекеттен 19 254 теңге төленеді. Ата-ана тек тамағына және келісімшарт негізінде қосымша сабақтарына ақша төлейді», — дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі Гүлназ Мырзағалиева.

Пікір қалдырыңыз