Ақтөбеде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 200 бала балабақшаға тегін барып жүр

Қалада аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға арналған екі балабақша жұмыс жасайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда қала бойынша 3-5 жас аралығындағы 2950 бала балабақша кезегінде тұр. Жоспар бойынша жыл соңына дейін барлығы мектепке дейінгі ұйыммен қамтылады.

«Аз қамтылған отбасы балаларына, жалпы ата-аналық жарна төлей алмайтын жандарға арналған екі балабақшамыз жұмыс жасайды. Екеуінде де 5 күндік тәртіппен. Бес күн бойы балабақшада болып, сенбі және жексенбі күні үйіне алып кетеді. Ата-ана ешқандай жарна төлемейді. Тегін қызмет жасайтын орталықтар қаланың ескі бөлігінде және Нокин ауылында орналасқан. Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы төмен 200 бала тәрбиеленіп жатыр», — дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.

Пікір қалдырыңыз