ҰБТ: ІІ кезеңге өтініштер қабылданып жатыр

Ақтөбе облысы бойынша ҰБТ-тің бірінші кезеңіне 1430 оқушы өтініш берді. Екінші кеңес наурыз айында өтеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша биыл бітіретін түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеудің І кезеңінде 1430 өтініш берген болатын. Жалпы Ақтөбе облысы бойынша ҰБТ-ның бірінші кезеңі 4 пункте өткізілді. Олар: Хромтау, Қандыағаш, Шалқар қалалары мен Ақтөбе қаласындағы Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-і. Ұлттық тестілеу орталығының Ақтөбе қаласындағы базалық филиал басшысы Талғат Жарқыловтың айтуынша, наурыз айына өтініш қабылдау 1-15 ақпан аралығында өтеді.

«ҰБТ тапсыру ақылы түрде өтеді. Құны – 2242 теңге. Өтініштерді онлайн түрде беруге болады. Сонымен қатар, көлемі 3х4 екі сурет, жеке кәуіліктің көшірмесі, орта білім беру ұйымынан анықтама, тест тапсыруға арналған төлемнің түбіртегі қажет», — деді Талғат Жарқылов.

Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы міндетті пәнге кіреді. Өзге пәтердерді талапкерлер таңдайды. Тест сұрақтарына жауап беруге 3 сағат 50 минут беріледі.

«Наурыз айындағы тестілеуге тек 11-12 сынып оқушылары қатыса алады. Ал маусымда грантқа үміті бар кез келген адам қатысып, текст тапсыра алады. Тамызда ақылы бөлімге түсуді қалайтын, бірақ бұған дейін шекті бал жинай алмаған талапкерлер қатысады. Бұрынғы ереже өзге талаптарда сақталады. Барлығы 120 сұрақ бар, ең жоғалы балл – 140», — деді Ұлттық тестілеу орталығының Ақтөбе қаласы №8 орта мектебіндегі филиал басшысы Еркубұлан Ермекбаев.

Пікір қалдырыңыз