«Сақалды құрылыс»: Ақтөбедегі «Космос» қонақ үйін жергілікті кәсіпкер салады

Көрнекә фото: Diapazon.kz

Ақтөбе қаласындағы «Космос» қонақ үйінің құрылысы биыл жалғасады. Бұл туралы қала әкімі Ілияс Испанов есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов есеп беру кездесуінде 2018 жылдың қорытындысы мен 2019 жылдың жоспары туралы айтып берді. Биыл қаланың көркін кетіріп, бірнеше жыл бойы құрылысы тоқтап тұрған «Космос» қонақ үйінде жұмыс жанданады.

«Космос» қонақ үйінің қабырғасын қақырайтып, омыртқасын опырайтып тастады. Үш жыл бұрын осы сұрақты қойған едім. Сол ғимарат қаланың көркін әлі бұзып тұр», — Ақтөбе қаласының тұрғыны Нығметбай Ермаханұлы.

Қала әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, инвестор шетелге қашып кетіп, қонақ үй екінші деңгейлі банктің кепілдігіне қойылған. Кейін сот арқылы банктің иелігіне өтіп, қайта сатылды. Қонақ үйді жергілікті кәсіпкер сатып алып, биыл құрылыс жұмыстарын жүргізеді.

Пікір қалдырыңыз