Ақтөбенің түрлі-түсті атлас картасы қайта жаңартылады

Биыл Ақтөбенің түрлі-түсті атлас картасы қайта жаңартылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласы мен аудандардың, ауылдардың түрлі-түсті атлас картасы жаңатылады. Атлас картада қала, аудан, ауылдардағы жаңа атаулар, тәуелсіздік жылдары берілген көшелер жазылады.

«Картаны қолданушылар облыстың жер бедері, әкімшілік-аумақтық бөлініс, антропонимдер мен топонимдердің шығу тарихы, атаудың берілу себебі мен уақыты туралы біле алады. Облыстағы көрнекі жерлердің суреті де картаға енгізіледі», — деп хабарлады облыстық тілдерді дамыту басқармасы.

Пікір қалдырыңыз