Ақтөбеге келген Ардақ Назаров ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесті

Ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров ақтөбелік жастармен кездесті. Арнайы «Аяла» балаларды қолдау орталығында да болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жастарды бірлік пен ынтымаққа шақырып жүрген чемпион әлемдік жарыста алған ең алғашқы сыйлығын балалар үйіне тарту еткенін айтты.

«2004 жылы Ресей елінің Хабарск қаласында әлем кубогінің жеңімпазы атандым. Маған сыйлаған теледидарды ұшақпен Алматыға әкелдім. Еңбекпен келген дүниені балалар үйіне сыйлағым келді. Іздеп тауып, табыстадық. Бүлдіршіндердің қуанған сәті ерекше сезім сыйлады. Балалар үйімен 15 жылдан бері байланыс жасап келеміз. Сол кездегі балалар қазір бір-бір шаңырақ иелері, үлкен қызметте жүргендері бар. Сіздер де үлкен азамат болып, елге еңбек етулеріңізді тілеймін», — деді Ардақ Назаров.

Өнерін көрсеткен орталық тәрбиеленушісіне «Alem Fithers» спорт клубының жейдесін табыстап, Алматыға келсе қонақ қылатынын айтты.

«Аяла» балаларды қолдау орталығында қазіргі таңда 28 бала тәрбиеленіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз