Ресей Қырымға 310 миллиард рубль жұмсамақ

Қырымдағы ресейшіл тұрғындар шеруі. Симферополь, 9 наурыз 2014 жыл.

Ресей үкіметі аннексиялап алған Қырымды дамытуға 2022 жылға дейін 310 миллиард рубль қаржы жұмсайды. Премьер-министр Дмитрий Медведевтің сөзінше, қаржының жартысына жуығы биыл игеріледі, деп жазады Азаттық.

Үкімет бюджеттен бөлінген қаражатты жол салуға, елдімекенге су мен электр жарығын жеткізуге жұмсамақ. Бұл жоспарды іске асыру үшін 2019 жылы — 150 млрд рубль, 2020 жылы — 120 млрд рубль, 2021 жылы — 26 млрд рубль, 2022 жылы 12 млрд рубль қарастырылған.

Ресей Қырымды 2014 жылы референдум арқылы аннексиялап алған. Бірақ Украина мен Батыс елдері бұл әрекетті «халықаралық құқық нормаларын бұзу» деп мәлімдеп, Мәскеуге санция салған. Ал Ресей «тарихи әділдік орнағанын» айтып келеді.

Пікір қалдырыңыз