Ақтөбеде кәсіпкерлікті қолға алған жастарға грант беріледі

Ақтөбеде кәсіп қылып, іс бастаймын деген жастарға грант беріледі, деп хабарлады Aktobenews.kz тілшісі.

«Бизнес бастау» жобасы бойынша биыл 610 адам оқуға жіберіледі. Сол ретпен 200 жас шағын несие алады. Ал 70-тен астам жастың әрқайсысы 252 500 теңге көлеміндегі грант беріледі.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 3 мыңға жуық жас оқытылып, 1 мыңнан астам жас кәсіптік маман алады. Биылғы жастардың Стартап жобаларына 40 млн теңге қаржы бөлініп, 8 мыңнан астам жас кәсіпкерлік саласындағы түрлі шаралармен қамтылады.

300-ден астам жас шағын несие, грант беріледі. Өткен жылы Дүниежүзілік Даму Банкі қолдауымен осал топтағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Zhas Project» жобасы жақсы нәтиже берді. Жоба аясында 165 әлеуметтік жастың жобасы қаржыландырылды.Өңірлік жоба банктер мен қорлардың қаржылай қолдауы арқылы жалғасын табады», — деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз