«Ақтөбе» футбол клубында қыз балаларға арналған команда ашылды

«Ақтөбе» ФК футбол орталығында 12-13 жастағы қыз балаларға арналған команда ашылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Команда Олимпиада резерві кешенінде жаттығатын болады. Бұған дейін клубтың құрамында қыз балаларға арналған футбол болмаған. Қыздар осыған дейін кәсіби футболмен айналысып келген. Бірақ енді «Ақтөбе» футбол клубының атынан ойнайтын болады.

Пікір қалдырыңыз