Ақтөбені көргені көп, адамгершілігі жоғары адам басқарып келеді — Елеусін Сағындықов

Ақтөбеде өткен «Біз біргеміз» атты ауқымды шараға арнайы келген бұрынғы облыс әкімі Елеусін Сағындықов өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың жұмысын жоғары бағалады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұрынғы облыс әкімі мерекелік кеш барысында халықтың алдына шығып6 сөз сөйледі. Өңірге амандық тілеп, Бердібек Сапарбаевтың әлі де елді көркейтетініне сенім білдірді.

«Облысты тәрбиесі мол, көргені көп, адамгершілігі жоғары адам басқарып келе жатыр. Енді Ақтөбенің жұлдызы жанады. Отбасыларыңыз аман болсын», — деді Елеусін Сағындықов.

Жақында ғана «Қазақстанның Еңбек Ері» атанған Құралай Базарбайқызын да жетістігімен құттықтап, бірге қызмет қылған кездерін еске алды.

«Бірге жұмыс жасадық. Көптен бері бір-бірімізді білеміз. Осындай үлкен жетістікке жететіне менің де сенімім мол болды. Бұның барлығы жасаған еңбегіңіздің жемісі. Шыбын жанын шүберекке түйіп, белді буып, үлкен мақсат қоя білді. Баспаған жері, ашпаған есігі, шықпаған шыңы қалмаған шығар. Әрине, бұл табандылықтың арқасы», — деді облыстың экс-әкімі.

Пікір қалдырыңыз