Ақтөбеден шыққан атақты дәрігерлер мүгедектердің алдында бас иді

Ақтөбеден шыққан атақты дәрігерлер Серік Ақшолақов пен Жақсылық Досқалиев мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арнайы келді. Сонымен қатар, облыстың бұрыңғы әкімі Елеусін Сағындықов та мүгедек жандардың қатысуымен ұйымдастырылған «Біз біргеміз» шарасының қонағы болды.

«Зиялы қауым, қадірменді ақтөбеліктер бұл шарадан ауызбіршілікті көруге болады. Ақтөбеде көптеген жұмыс жасалды. Алдарыңызға қос әкімнің қатар шығып, сөз сөйлеуінің өзі үлкен құрмет. Мен бүгінгі шараны үлкен жігермен жасалынған шара деп танимын. Өмірге құштар батырлардың мерекесі болды. Өмірдің қиындығын жеңіп, өмірге белсенді араласқан іздерге бас июге болады», — деді Жақсылық Досқалиев.

Ақтөбе облысында уақытылы әлеуметтік көмек көрсетіліп тұратын 27 мыңға жуық мүгедек тіркелген. Өткен жылы 12 мыңнан астам адамға техникалық, гигиеналық заттар, протезді-ортопедиялық бұйымдар беріліп, шипажайларда демалыс ұйымдастырды. Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға 2 миллиардқа жуық қаржы бөлінген. Сонымен қатар, демеушілермен арнайы жобалар аясында 508 мың тұрғынға 6,5 млрд теңгеге көмек көрсетілген.

Пікір қалдырыңыз