Ақтөбенің 150 жылдығына орай логотип жасаған адамға 100 мың теңге беріледі

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 150 жылдық мерейтойға арналған логотипке ашық байқау жариялады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбенің 150 жылдығына арналған логотипті ойлап тауып, жеңімпаз атанған адам 100 мың теңге көлемінде жүлде алады. Логотиптердің нұсқалары тек 21 қаңтарға дейін қабылданады. Қатысушылар өз жұмыстарын Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы, 31 үй немесе kultura_aktobe83@mail.ru поштасына жолдай алады.

Байқаудың ережесі Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

Пікір қалдырыңыз