2018

Ақтөбеде Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасы таныстырылды

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының электронды нұсқасына шолу жасалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады. Кітапхана ұжымының

Көлігіне заңсыз қару салып жүрген ақтөбелік азамат ұсталды

Ақтөбелік азамат еш жерде тіркелмеген заңсыз қару сақтағаны үшін жауапқа тартылды. Ол аңшы мылтығын машинасына салып жүрген. Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округіне қарасты «Сарытоғай» шаруа қожалығының қасында тұрғынның «ВАЗ-21312» маркалы автокөлігінің ішінен суық қару табылған. Ол атуға жарамды, ішкі істер органында тіркелмеген, тегіс ұнғылы дара ауызды «Иж» маркалы, 16 калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтаған. Заңсыз қару сақтаған азаматтың ісі Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында қаралған. Сот қаулысымен кінәлі деп танылғана

Канн фестиваліне қатысқан режиссер Ақтөбеден киностудия ашуды жоспарлап жүр

Ақтөбелік режиссер Марат Телеуов қысқаметражды «Волшебник» фильмімен Канн фестиваліне қатысты. Режиссер енді киностудия ашуды жоспарлап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Режиссер Марат Телеуов Канн фестиваліне қатысу туралы арманына қол жеткізді. Әрі инвестор іздеп жүр. Екі жұмысты бір атқарған режиссер бір жылдық еңбегін үлкен фестиваль кезінде көрсетті. 2016 жылдың наурыз айында қысқаметражды фильм толық дайын болып, сәуір айында Канн фестиваліне жолданды. Канн фестивалінде жүлделі орынға ие бола алмаған режиссер 2018 жылға

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай-газ бағасының көтерілуіне түсінік берді

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанда сұйытылған мұнай-газ бағасының көтерілуіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай-газдың (СМГ) шекті көтерме бағасы тоннасына қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмағанда 34,319 теңгеден 38,701 теңгеге дейін ұлғайтылды. Шекті бағаларын айқындау қағидаларына сәйкес СМГ бағасы есеп айырысу, баға тоннасына ҚҚС-сыз 52 538,27 тг/т құрауы керек. Алайда, Министрлік Қағидаларының 14-тармағына сәйкес 2014 жылы ішкі нарықта

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Ербол Шорманов «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ұлттық компания ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Министрдің айтуынша, компания «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен IT-стартаптар технопаркі құру үшін жұмысын жалғастыра береді. Шорманов 2015 жылдың тамызынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің орынбасары болған. Кейін басқарма төрағасының міндетін атқарды. «Астана ЭКСПО-2017» компаниясын бұған дейін басқарған Есімов

Ақтөбеде 63 жастағы азаматша жыныстық қатынастан жұқпалы ауру жұқтырған

Ақтөбеде зейнет жасындағы әйел адамның азаматтық некедегі жолдасынан қауіпті дерт жұқтырғаны белгілі болды. «63 жастағы әйел адам күйеуінен вич инфекциясын жұқтырған. Кейін тексеріс кезінде анықталғандай, ер адамның есірткі затын қолданатыны белгілі болды. Инфекция әйелге жыныстық қатынас кезінде жұққан. Бұл дерек 2017 жылы анықталды. Олардың ортақ ұлдары да инфекция жұқтырған, есірткі пайдаланады», —  дейді облыстық СПИД орталығының қызметкері Анна Каспирова. Ақтөбелік дәрігерлер қауіпті дерт жұқтырғандар санының жыл санап төмендеп жатқанын хабарлады.

Ақтөбе полицейлері 50 жастағы адамды қағып, қашып кеткен көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр

Тәртіп сақшылары «Рауан» тұрғын үй массивінде бүгін таңертең адам қағып кеткен көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 50 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Әзірге жүргізушінің жеке басы анықталмаған, көлік маркасы да белгісіз. Оқиға орнынан сынған бампер фрагменттері алынды. Болжам бойынша, көліктің маркасы «ВАЗ-2107» болуы мүмкін. «Қандай да бір мәлімет білетіндер болса, 102, 72 97 30 немесе 55 93 77 телефондарына хабарласа алады», — дейді тәртіп сақшылары.