Қазақстан 30 өркениеті дамыған елдің қатарына енуі керек – Сапарбаев

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру тобы бүгін ғалымдармен, жастармен кездесті. Өңір басшысы Қазақстан 30 өркениеті дамыған елдің қатарына енуі керек деп есептейді.

Тарих үшін Ақтөбеде іргелі істер атқарылып жатыр. Мәселен, биыл Ржевте мемориалдық кешен ашылды. Бұл Ресейдегі Қазақстан елшілігі, министрлік, әкімдіктің қатар атқарған жұмысы. Кедел жылы бұл жұмыс жалғасады.

«Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Санкт-Петербург қаласына қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткішін қоюға ұсыныс берді. Құрылыс жұмысы келер жылы жүреді. Мақаланы насихаттап, түсіндіріп айту керек. Әсіресе, жас ұрпақтың сана-сезіміне сіңіру қажет. Таза қанды сана-сезімі бар ұлт тәрбиелеу деген дұрыс сөз. Бір сұрайтыным, майдаланып, бөлініп кетпеуіміз керек. Ақтөбе, Қызылорда, Атырау деп бөлуге болмайды. Бәрі болашақ ұрпақ үшін атқарылып жатқан іс», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жиын кезінде өңір басшысы Қазақстанның 30 өркениеті дамыған елдің қатарына енуі туралы айтты.

«Соңғы 4-5 ғасырды емес, әрі қарай үңілу керек. Сол кезде 30 экономикалық дамыған мемлекеттер қатарына ғана емес, 30 өркениеті дамыған елдің қатарына енуіміз керек. Бұл Елбасы ең негізгі мақсатының бірі осы», — деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз