Бір апта болмаса өзгеретін Астана ғана емес, қатарына Ақтөбе қосылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіруге келген ақпараттық топ бүгін ғалымдармен, жастармен кездесті. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Ақтөбедегі оң өзгерістерді тізбектеп берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Сапар барысында Ақтөбедегі нысандармен таныстық. Бердібек Сапарбаев қай жерге барса да жандырып, жандандырып жүретін мемлекет және қоғам қайраткері. Ақтөбенің де келбеті күн сайын өзгеріп отырғанына қуанамыз. Қазақстанда бір қала бар еді, бір апта болмаса танымай қалатын. Оның қатарына Ақтөбе қосылды. Бір жыл бұрын келіп, көрген едік. Қазіргі келбеті мүлде басқа», — деді «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

Пікір қалдырыңыз