Ақтөбеде базардағы сатушылар айыппұлдан құтылу үшін пара берген

Көрнекі фото

Көтерме көкөніс базарында тоғыз сатушы фитосанитарға пара беріп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілішісі.

Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыстық департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 2018 жылы мамыр айында санитарлар базардағы сатушылардың құжаттарын тексерген. Соның нәтижесінде сатушыларда тиісті сертификаттың жоқтығы анықталды. Тексерістен өтпеген көкөніс сатқан сатушылар айыппұлдан құтылмақ болып, 2-3 мың теңге көлемінде пара ұсынған.

Жыл басынан бері облыста осындай ұқсас дерекпен 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жеке адамға пара бергендері үшін 4 млн 810 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз