Желтоқсан айының алғашқы күндерінде Ақтөбеде дүниеге үшем келді

Мереке күндері қуанышқа кенелген отбасы үшемнің құжаттарын перзентханада жатқанда-ақ рәсімдетті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Ақтөбе облысы филиалының баспасөз қызметкері Әсел Мұстафина хабарлады.

«Ақтөбеде Тұңғыш Президент күні Балабековтер отбасында Максим, Даниил, Алина есімді үшем өмірге келді. Мереке күні өмірге келген сәбидің құжатын Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, телефон көмегімен әлектронды түрде проактивті тәсілмен қабылданды. Сәбилердің туу туралы куәлігі сол бойда аналарына табысталды» деп хабарлайды Әсел Мұстафина.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілмен көрсету жобасын жүзеге асырған болатын. Ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған нәрестені тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келеді.

Нәтижесінде, балалы болған ата-аналар «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистеріне бармай-ақ, телефон көмегімен туу туралы куәлік пен тиесілі жәрдемақыларды рәсімдей алады. Балабақшаға кезекке қою сияқты мәселелерді шешу мүмкіндігіне ие болды. Енді осы проактивті принциппен көрсетілетін қызметтер қатарына сәбиді тұрғылықты жері бойынша автоматты түрде тіркеу қызметі де енгізілді.

Пікір қалдырыңыз