Ақтөбеде мектеп оқушысы Сапарбаевтың қыр соңынан қалмай компьютер алдыруға көндірді

Сапарбаев мектеп оқушысына компьютер сыйлауға уәде берді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа мектеп оқушысы хат жазған. №7 арнайы мектептің 10 сынып оқушысы Оңталап Темірбаев әкімнен компьютер алып беруін өтінген. Оқушының хаты облыс әкімінің жергілікті телеарнаға берген сұқбатында оқылды.

«Ассалаумағалейкум, Бердібек аға! Сізден сұрағым келеді, осыдан бір жыл бұрын тікелей эфирге шыққан кезіңізде сізге хабарласып, үстел компьютерін сұраған едім. Өтінішім жауапсыз қалғандықтын, сізден тағы да сұрап отырмын. Менде бұрын болған, суға кетіп қалды. Қаладағы №7 мектептің оқушысымын, көпбалалы отбасының мүшесімін», — деген жоғары сынып оқушысы Оңталап Темірбаев.

Облыс басшысы көпбалалы отбасында тәрбиеленген оқушының өтініші жаңа жылға дейін орындалатынын айтып, тікелей эфирден уәде берді.

Пікір қалдырыңыз