Ақтөбе қаласында алғаш рет «Мен еріктімін» атты жастар слеті өтті

Халықаралық еріктілер күнін өңір волонтерлары атап өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қоғамға өз пайдасын тигізіп келе жатқан ақтөбелік жастар тегін білім беру, әлеуметтік, медицналық, жол ережелерін сақтау сынды төрт бағытта жұмыс жасап келеді.

«Бізде бірнеше волонтерлық топ бар. Ол жерде жағдайы жоқ, мүгедек жас балаларға тегін түрде ағылшын тілі немесе білім-ғылым тегін түрде оқытылады. Бұл волонтерлардың біздің қоғамымызға қосып жатқан үлесі деп білемін. Өйткені осындай топтарымыз оларды біз бен сіз секілді бірдей деңгейін жоғарлатуға, ағылшын тілін одан әрі үйренуге мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар, оларға әлеуметтік жағынан көмектесіп келе жатқан белсенділеріміз бар», — дейді Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов.

Шара барысында белсенді еріктілер марапатталып, жыл бойы жасаған жұмыстары қорытындыланды. Волонтерлардың атқарған шаралар бойынша жәрмеңке ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, аймақта 20 ерікті топ бар. Оған мыңға жуық ерікті мүше.

Пікір қалдырыңыз