Ұлттық банк базалық ставканы 9,25 пайыз деңгейінде қалдырды

ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы 9,25 пайыз деңгейінде сақтап қалу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы +/-1% пайыздық ставка дәлізімен 9,25 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті ұсыну және алып тастау операциялары бойынша ставкалар да тиісінше 10,25% және 8,25% деңгейінде қалды», — деді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев БАҚ үшін өткен брифинг барысында.

Ол өз сөзінде қайта қаржыландырудың ресми ставкасы да 9,25 пайыз деңгейінде қалғанын атап өтті.

«Базалық ставканы сақтап қалу туралы шешімнің негізіне Ұлттық банктің болжамды инфляция динамикасына берген бағасы себеп болып отыр. Базалық ставка бойынша өткен шешіммен салыстырғанда ол айтарлықтай өзгерді», — деді Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы өз сөзінде болжамды сипатта 2019 жылы жылдық инфляция мақсатты 4-6 пайыздық деңгейде сақталатынын атап өтті.

Оның айтуынша, Ұлттық банк инфляцияның басым жағдайда инфляция келесі жылы 5-5,5% аралығында болатынын болжап отыр.

«Базалық ставка бойынша келесі шешім 2020 жылдың соңына қарай инфляция деңгейін 4 пайыздық деңгейде сақтау бойынша мақсатқа қол жеткізілгеннен кейін қабылданатын болады», — деді Ұлттық банктің төрағасы.

Пікір қалдырыңыз