Бүгін ақтөбеліктер латын әліпбиіне қатысты өз пікірін білдіре алады

С. Бәйішев атындағы университетте «Латын әліпбиіне көшу – өркениетке апарар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Бүгін, 5 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын әліпбиінің өзектілігі, рөлі және ережелері талқыланады. Ғалымдар баяндамаларын оқып болғаннан кейін пікір алмасу болады. Шара сағат 15:00-де басталады.

Пікір қалдырыңыз