Ақтөбедегі халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйенің интеграциясы туралы хабарлайды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Ашық үкімет» порталының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесімен интеграциясы жүргізілгендігі туралы хабарлайды.

Интеграция «Ашық деректер» компонентімен ХҚКО ақпараттық жүйесінің арасында жүргізілді.

Осы интеграция ХҚКО-да өз кезегін күтіп отырған азаматтардың саны туралы ақпарат алуға және кезекті онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.

Порталдағы деректер JSON форматында ұсынылады (JavaScript-қа негізделген деректермен алмасудың мәтіндік форматы). Көптеген басқа мәтіндік форматтар сияқты, JSON пайдаланушыларға оңай оқылады.

Азаматтардың әртүрлі деректер жиынтықтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, деректерді пайдалану арқылы жан-жақты талдаулар мен бақылау жүргізу мүмкіндігін беру — «Ашық деректер» порталының басты мақсаты.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар деректер жиынтықтарын машинада оқылатын түрде API көмегімен орналастырады. Әзірлеушілер бұл форматты әртүрлі қосымшалар мен веб-сервистерді жасау үшін пайдаланады. Сонымен қатар, деректер журналистер мен талдаушылар жүргізетін әлеуметтік-экономикалық және ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз