«Рухани жаңғыру»: Ақтөбеде елдің ең үздік шешен оқушысы анықталады

Қазақстанның тілге шешен оқушылары Ақтөбеде жиналып, бір-бірімен жарысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ертең, 28 қараша күні Ақтөбе қаласындағы №56 орта мектепте «Тәуелсіздік – жыр, әнім» атты республикалық шығармашылық байқау өтеді.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған шараға әр облыстан бір оқушыдан қатысады. Фестиваль 3 түрлі байқау негізінде өтпек. Шешендік өнер, жыршылар байқауы және бала ақындарының мүшәйрасы болып бөлінген.

«Бұл шараның мақсаты – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, мектеп оқушылары арасынан сөз өнеріне жақын, тілге шешен, ділмар таланттарды іздеп табу», — дейді тілдерді дамыту басқармасының маманы Арайлым Нұрбаева.

Пікір қалдырыңыз