Ақтөбе облысында тіркелмеген 17 қару табылды

1 қарашадан бастап Ақтөбе облысында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара кезінде 8457 атыс қаруы иесінің 5119-ы тексерілді. Ол — қарумен тіркелген халықтың 60,5 пайызы.

«Осы аралықта 111 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде тіркелмеген қаруды сақтау және алып жүру фактісі — 18, қару сақтау тәртібін бұзу фактісі — 80, қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзу — 13», — деп мәлім етті Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жалпы, жедел алдын алу шарасы кезінде тіркелмеген 17 қару табылды. Оның ішінде тегіс ұңғылы қару — 13, газ — 2, травматикалық қару — 2.

Пікір қалдырыңыз