Полиция бір айдан астам уақыт бұрын өртенген көпқабатты үйге қатысты ақпарат таратты

Ақтөбеде өртенген көпқабатты үйге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті көпқабатты үйден шыққан өртке қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ақтөбе қалалық полиция басқармасы, Сазды полиция бөлімі Әбілқайыр хан даңғылындағы №73 үйден шыққан өртке қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық кодекстің «Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру» бабы бойынша іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстарына байланысты өзге ақпарат таратылмайды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 4 қазан күні көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Еріктілер мен жастар тазарту жұмыстарын жүргізіп, демеушілердің көмегімен жөндеу жұмыстарын жүргізілді.

Пікір қалдырыңыз