Ақтөбелік оқушылар жаңа челлендж бастады

Абат Байтақ кесенесі

Ақтөбеде мектеп оқушылары киелі жерлерді аралап, тарихи деректермен бөлісіп жатыр. Жаңа челлендж «Мəңгілік елдің қаласы, Ақтөбем — қазына даласы» тақырыбын қамтиды, деп хабарлайды Аktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі жаңа челленджді бастады. Ұйымдастырушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы жəне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын іске асыру мақсатын көздеп отыр. Жалпы білім беретін мектептер «Мəңгілік елдің қаласы, Ақтөбем — қазына даласы» тақырыбын қамтиды. Алғаш боп №25 және №30 орта мектептер бастады. Оқушылар Қобда жеріне барып, Әлия Молдағұлова атындағы тәрбие беру орталығын, Абат Байтақ, Қобыланды батыр кесенесін аралады.

View this post on Instagram

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында жəне Елбасы Жолдауын іске асыру мақсатында Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектептері арасында басталған "Мəңгілік елдің қаласы,Ақтөбем-қазына даласы" тақырыбындағы танымдық эстафеталық жобаны жалғастыру үшін қараша айының 14-і күні #25 орта мектеп жəне #30 орта мектеп оқушылары киелі Қобда өңіріне саяхатқа шықты. Саяхат өте мағыналы,қызықты болды.Батыр апамыз Əлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе облыстық патриоттық тəрбие беру орталығынан басталған саяхат Қобда өңірінің киелі жері сəулет өнерінің керемет үлгісі Абат-Байтақ кесенесіне барумен жəне Қобыланды батыр мемориалдық кесенесіне саяхатпен жалғасты.Тарихи шежірелі өңір тарихы мен мəдени мұралары туралы кең мағлұмат берген мұражай қызметкерлеріне оқушыларымыздың алғысы шексіз болды əрі, сəулет өнерінің озық үлгілерін көздерімен көрген оқушыларымыз өз еліне деген мақтаныштарын жасыра алмады. Эстафета соңында #25,#30 орта мектеп оқушылары танымдық эстафета символын эстафетаны жалғастырушы мектеп #13 орта мектебі мен #18 орта мектебіне табыстады.

A post shared by "АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІ" (@obrazovanie_gorod_aktobe) on

«Оқушылар шежірелі өңір тарихы мен мəдени мұралары туралы көп мағлұмат білді. Танымдық эстафетаны №13, 18 орта мектебіне табыстаймыз», — деді ұйымдастырушылар.

Ал эстафетаны қабылдаған екі мектеп алдағы уақытта Мәртөк ауданымен танысады деп жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз