Ақтөбелік актер Шекспирдің «Гамлет» шығармасын жалғыз өзі орындап шықты

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрда алғаш рет моноспектакль өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс сахнасында бірінші рет қойылып отырған шығарманы жарыққа шығару үшін дайындық кезеңі алты айға соғылған.

«Бұрын соңды Ақтөбеде мұндай қойылым қойылған жоқ. Алғаш рет «Гамлет» шығармасын сахнада ойнаттық. Шекспирдің бұл шығармасын классиканың биік шыңы деп айтуға болады. Көптеген актер ойнағысы келіп, армандап жүрген рөлдердің бірі. Жалғыз актер ойнап шықты. Мұндайды моноспектакль дейміз. Бір адам 4-5 кейіпкердің орнында жүреді. Алты ай айға созылған дайындықтың нәтижесін екі күнде көрерменге тарту еттік», — дейді театр режиссері Мейрам Хабибулла.

Гамлетті жас та болса тәжірибелі актер Бағдат Телеуғалиев ойнап шықты. Ол былтырғы жылы «Сахнагер – 2018» байқауында «Үміт» номинациясымен марапатталған болатын.

Пікір қалдырыңыз