Жоғалған ақтөбелікті іздеу жұмысы жалғасты

Ақтөбеде жоғалған Кенжебай Алдашевті іздеу жұмысы жалғасты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«15 қараша күні із-түзсіз кеткен Кенжебай Алдашевті іздеу жұмысы жалғасты. Іздеуге Заречный полиция бөлімінен 10 адам, 2 техника, 6655 әскери бөлімінен 35 адам, 1 техника, 5 кинолог жұмылдырылды. Тағы 10 ерікті іздеу жұмыстарына қатысты. Барлығы 15 шақырым жертің ой-шұңқыры тексерілді», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ереже бойынша 3 күн іздеу жұмысы жан-жақты жүріп, 7 күн полиция бақылауды жалғастырады.

Пікір қалдырыңыз