Жедел жәрдем келмей қызынан айырылған ана көмек сұрады

Көрнекі фото

Ақтөбеде аяқ-қолы құрысып, тыныс ала алмай қаза болған Інжу Жанкинаның екі бауыры ауруханаға түсті. Анасы Динара Баймағамбетова ем үшін көмек сұрады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Інжу Жанкинаның 2 жастағы Нарғыз және 4 жастағы Нұрбақыт есімді екі інісі ауруханада жатыр. Ал анасы Динара Баймағамбетова толыққанды ем жүргізу үшін көмек сұрады.

«Мен балалармен үйде отырып, күйеуім жұмыс істеді. Қазір күйеуім балаларды қарап, ауруханада жатыр. Табысымыз күрт үзіліп қалды. Пәтеріміз несиеге алған. Сондықтан көмек сұраймын. Тағы үш баламды «Ақбөбек» сауықтыру орталығына бергім келеді. Бірақ «орын жоқ» деп кері қайтарды», — деді Динара Баймағамбетова.

Пікір қалдырыңыз