Бүгін Ақтөбе қаласында жұмыссыз жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

«Жас Жерлестер» форумы аясында ұйымдастырылған шараға 45 мекеме 343 жұмыс орнын ұсынған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері 15 жәрмеңке ұйымдастырылып, 7 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылған.

«Елбасының халыққа арналған жолдауында алдағы жылды «жастар жылы» деп бекітті. Соған орай жастарға арнап бос орындар жәрмеңкесін өткізіп жатырмыз. 45 мекеме қатысып оның ішінде 343 бос жұмыс орны ұсынылып жатыр. Бүгінгі шарада мұнай-газ, қаржы, денсаулық, білім салаларына сұраныстар көп», — дейді Ақтөбе қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығының маманы Индира Кенебаева.

Жәрмеңкенің екінші бөлігі ертең шығармашылық академиясында өтеді.

Пікір қалдырыңыз