Ақтөбеде полиция көлігі жол апатына ұшырады

Көрнекі фото

Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Бүгін сағат 9:10-да Сағи Жиенбаев көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. 43 жастағы ер адам «Ауди» көлігімен келе жатып С.Жиенбаев пен Жұмысшы көшелерінің қиылысында жол бермей, Ақтөбе қалалық жол-көлік батальонының «Газ 2705» көлігімен соқтысты. Ешкім зардап шеккен жоқ», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз